Сарбаздар «контрактпен» қалып жатыр ма?
Өткен жылдың басынан 200-ге жуық жедел шақырылымдағы сарбаз әскерде қалуға шешім қабылдап, алғашқы келісім-шартқа отырған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше «әскери қызметте не қызықтырды» деген сауалға жауап берген. Көбіне ұнағаны әскери қызметкерге жасалатын әлеуметтік жағдай болып шықты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Кіші сержант Азамат Төлегенов Ұлттық ұлан қатарына 2020 жылы шақырылып, Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. Колледжді аяқтағаннан кейін әскерге кетуге бел байлаған Азамат, белгіленген мерзімін өткергеннен кейін Ұлттық ұлан сапында 25 жыл қызмет еткен әкесінің жолын жалғастырамын деп шешіпті.
Әр әскери қызметкер мемлекеттің қорғауында.
Қазіргі таңда әскери қызмет мерзіміне қарамастан, отбасы мүшелеріне тұрғын үй өтемақысы төленеді. Сонымен қатар тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Одан өзге көптеген әлеуметтік қамтулар қарастырылған.
Жалпы мемлекет әскерилердің қызметтік ерекшеліктерін ескере отырып, оның өмірге қажеттілігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік және құқықтық қорғалуына кепілдік береді.