ШҚО-да Крещение мерекесіне орай дәстүрлі шомылу рәсімі өтіп жатыр
Аймақта дәстүрлі шомылуға арналған 19 орын дайындалды. Олар Өскемендегі Сол жағалау кешенінің аумағындағы "Көгілдір көлдер" және Аблакетка кентіндегі Ертіс өзенінде ғибадатханаға қарама-қарсы (Островский көшесі, 14) орналасқан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Облыс бойынша барлығы 240 маман жұмылдырылды, оның ішінде – құтқару жасағының қызметкерлері, полицейлер, дәрігерлер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар, қауіпсіздікті 59 бірлік техника қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, адамдар киім ауыстырып, жылынып алуы үшін автобустар кезекшілік етеді»,-деді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Өскемен қаласының тұрғыны Әлішер Қабдуалиев бірнеше жыл бойы шомылу рәсіміне қатысады.
Дәрігерлер аймақ тұрғындарына суық суға шомылуға жауапкершілікпен қарау керек екенін, созылмалы аурулары бар адамдар шомылудан бас тартуы керек екенін еске салады.
Айжанат Бақытқызы