KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Марқакөлде төтенше жағдай жарияланған ауылдық округтерге жем жеткізілді

Фото: Данияр Сағидолдин

29.01.2024, 12:16 128 Ләззат Қанатқызы

Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов төтенше жағдай жарияланған ауылдарға арнайы барып, 7 тонна жем (4 тоннасын  Марқакөл ауылының тумасы, өскемендік Ербол Әбдіқалықовтан, 3 тоннасын Күршім ауданы әкімінің көмегі) апарды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ екі көлікпен 26 орам шөп, 1 тонна дизель отыны мен 500 литр жанармай ауыл тұрғындарына берілген.

Айта кету керек, кеше Төсқайың ауылдық округіне қарасты Шанағаты ауылына жол ашылды. Ал Балықтыбұлақ ауылына бүгін кешке дейін толығымен ашылмақ. Жолды тазалау жұмыстарына тағы бір техника мен трактор жұмылдырылатын болады.

Ауылдағы 150 бас жылқыны төмендегі Боран, Қарашілік ауылдарына тебінге айдады.

Қазір өңірдегі жағдай толықтай облыс және аудан әкімінің бақылауында. Аудан әкімі жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізген.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу