Өскемен тұрғыны бірнеше күшікті балталап өлтірді
Фото: Pixabay
Әлеуметтік желіде Өскемен тұрғынының бірнеше күшікті балталаған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қорқынышты бейнежазба бірінші Egov-Press деп аталатын telegram-арнада жарияланған. Күшіктерді өлтірген соң ер адам біреуге қарап (видеоға түсіріп тұрған адам болуы керек) сөйлейді.
«Осымен іс бітті. Енді сенің маған ешқандай қатысың жоқ. Маған қоңырау шалма және жазба. Келесің бе, алып кет. Қаншықты да (өлтірілген күшіктердің енесі болса керек) алып кет. Түсіндің бе? Енді қажет емес нәрсені істеуші болма», - дейді ол.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде 56 жастағы тұрғынның ұсталғанын растады. Ол есепте тұрған адам емес.
«Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталады», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция атаған бап бойынша берілетін ең үлкен жаза – бір жылға бас бостандығынан айыру.
Оқи отырыңыз