Глубокое тұрғыны 19 дана электр тіректерін ұрлаған
pexels.com
Ұрланған темірбетон тіректерді 2 194 177 теңгеге сатқан.
Кәсіпорынға 2 млн теңгеден астам шығын келтірген ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Істі Глубокое аудандық соты қарады. Сотта анықталғандай, 2023 жылдың шілде айының басында саңырауқұлақ жинауға Тәжірибе алаңы ауылының шетінде келген азамат жол бойында жатқан 19 дана темірбетон электр тіркетерін байқаған.
Алайда ұрлыққа бірден бармаған. Қаржылай қиындық туған сәтте далада жатқан темірбетон тіректері есіне түсіп, нәпақа тапқысы келсе керек.
Сот ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.