KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 10 м/с, З
527.58 546.15 5.29

ШҚО-да тағы да "қар көшкіні" болды

Фото: ШҚО ТЖД

8.02.2024, 09:03 135 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қауіптің алдын алу үшін қар көшкінін жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары мониторинг жасап, «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тас жолының бойында қардың қалыңдығы бір метрге жуықтағанын анықтаған. Сол себепті профилактикалық әрекетке көшкен.

«Жол бойындағы беткейлерде 4 рет жарылыс жасалып, 4700 текше метр қар түсірілді. Бұл кезде көлік жолын қар жарым-жартылай жауып қалған еді. Алайда жол қызметтері учаскені дереу тазартты», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осымен биыл өңірде 44 "қар көшкіні"  болғанын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу