KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Қарағандыда жер үйде жарылыс болып, бір адам үйінді астында қалды

ҚР ТЖМ

18.02.2024, 13:05 162 Назерке Каримова

Жарылыс таңғы сағат 03.30-да орын алған.

Бес адам өзі үйлден шығып үлгерген, біреуі үйінді астында қалып қойған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.

Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығының жарылуы салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған.

- Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты. ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.


Тұрғын үйдегі үйінді арасынан екі 5 литрлік газ баллоны табылды. Оның біреуі жарылған күйде табылған.

Бұл газ жарылғаны туралы болжамды шамамен дәлелдейді.

Жұмыстар жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу