Қазақ даласына ислам діні қашан келді?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен
Ата-бабаларымыздың дәстүр мен дінді ұштастыру тарихы жайында кітап жарық көрді.
ҚМДБ «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Негізгі 3 бөлімнен тұратын туындыда ислам дінінің қазақ даласына келу тарихы, халықтың салт-дәстүрінде діннің алатын орыны және сенім негіздері туралы баяндалған. Бұдан бөлек ата-бабаларымыз дәстүр мен дінді қалай ұштастыра білгендігі туралы толық жазылған. Кітапқа белгілі дінтанушылар мен ғалымдардың шығармалары енген. Барлығын жинақтауға 1 жылдай уақыт кеткен екен.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен жарық көрген туынды 5 мың данамен басылып шықты. Бұл кітапты енді елдегі мешіттер мен кітапханалардан табуға болады.