Первомайский кентінде бастоған жөнделіп жатыр
Кеше Шемонаиха ауданына қарасты Первомайский кентінде бастоғаннан ақау шығып, машина залын су басқан.
Бастоғанды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір ондағы жабдықтар, электр қозғалтқышы мен күшейткіш сорғы уақытша өшірілді.
Оның айтуынша, мәселе бүгін шешімін табатын болады. Жұмысқа 13 адам мен екі техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ әкімнің орынбасары ауыз су қоры 2900 м3, ал тәуліктік шығын 450-500 м3 құрайтынын атап өтті. Бұл кемінде 5-6 күнге жетеді.
Ауа райының қолайсыздығы қиындық туығызып жатыр, дегенмен әкімдік пен арнайы қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.