Самар ауданында сатира театры құрылды
Таунар Қайрат
Самар комедия театры шымылдығын «Боздаған бойдақтар» спектаклімен ашты.
Алғашқы қойылым Алғыс айту күніне орай сахналанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туындыда жасы келсе де үйленбей, ата-анасына масыл болып жүрген жігіттер жайының сыры шертіледі. Мұны әртістер астарлы әзілмен, ән-бимен көрерменге әсерлі жеткізе білді. Жалпы оқиғаға Шәйми қарттың отбасындағы жанжал арқау болады. Осылайша, бұл комедия ата-анаға масыл болған сүрбойдақтар мен көрші кәрі қыздың оғаш қылықтарын көрсету арқылы жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кештің ерекше өткені соншалықты көрермендер керемет әсер алып қайтты. Зал халыққа лық толы болды.