KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Марқакөлге көрші аудандар көмектесіп жатыр

17.04.2024, 13:00 61 Оразай Жеңісұлы

Жаңадан құрылған Марқакөл ауданын қыс бойы қалың қар әурелесе, көтемде еріген қар суы қарбаласқа салды. Алайда көрші аудандардың көмегі мен жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігінің, облыс басшылығының қолдауының арқасында қиыншылықты оңай еңсеріп келеді.

Су тасқынының бірінші толқынында марқакөлдіктерге іргелес жатқан Зайсан және Күршім аудандарынан, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерден көмек көрсетілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл жолы көрші аудандар еріген қар суы шайып кеткен жолдарды жөндеуге және жолда қалған жолаушыларды орналастыруға қол ұшын берді.

– Осыған дейін еріген қар суының салдарынан Боран-Зайсан бағытындағы жол қатынасы жабылған. Бұған дейін Боран ауылының 13 оқушысы мен мұғалімі дыбыс жазу студиясында жұмыс істеу үшін Зайсан қаласына барып, қайта алмай қалған еді. Сол кезде Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының қолдауымен оқушылар Дәуленов атындағы интернат-үйіне орналасып, оларға барлық жағдай жасалды. Сондай-ақ, Күршім ауданы әкімдігі Қалжыр, Тақыр ауылдарын қар суынан қорғау бойынша дайындық жұмыстарына көмектесті. Қазір де көрші аудандар мен аудан тұрғындарының көмегімен су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Жалпы Марқакөл ауданы назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ауданымыз қиын жағдайда қалғанда облыс әкімі бірнеше рет келді, қажетті көмек көрсетілді. Қай уақытта болмасын «ОблШығысЖол» кәсіпорны техника жағынан көмектесіп келеді. Зайсан ауданы да арнайы техникамен көмектесті, – дейді Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рүстембек Кемешев.

Айта кетейік, Зайсан және Күршім аудандарынан қыстыгүні қар астында қалған Марқакөлге жем-шөп жеткізген болатын. Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, Зайсан қаласына барып, жолдың жабылуына байланысты қайта алмай қалған Боран ауылының оқушыларына аудан басшлығы жағдай жасап, интернат-үйге орналастырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив