KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Самарда жас палуандар белдесті

18.04.2024, 10:01 130 Қызырбек Дүргінбайұлы

Самар ауданының Құлынжон ауылында құрметті ұстаз, күрестен республикалық жарыстардың жүлдегері Дәулетқан Қасымжанұлын еске алуға турнир өтті.

Боз кілемде 120-ға жуық жасөспірім спортшы белдесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарыс аудандық деңгейде ұйымдастырылғанымен, Абай облысының Көкпекті ауданынан келіп бақ сынаған жас балуандар да болды.

– Жарыс өте тартысты өтті. Бапкерлері де шәкірттерін мықтап баптап әкеліпті. Ауданымызда спорттық жарыс түрлерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Осы ауылда 2023 жылы тұңғыш рет еркін күрестен үйірме аштық. Мақсатымыз – ауыл балаларына қаладағыдай жағдай жасау. Балалар бос уақытында спорттың кез келген түрімен айналыса алуы керек, – дейді Самар ауданы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жандос Серікұлы.

Іс-шара соңында кіл мықтылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу