Тәуелсіздік күніне орай 100-ден астам жас палуан белдесті - ШҚО
Жастарды батырлыққа баулып, спортпен шұғылдануына көп көңіл бөліп келе жатқан Тарбағатай ауданында еркін күрестен жарыс өтті.
Тәуелсіздік күніне орай өткен жарысқа 100 ден астам жас палуан қатысып, мықтылар жеңіс тұғырына көтерілді. Облыстық еркін күрес сайысы Маңырақ ауылының жастарының ұйымдастыруымен, спорт бөлімінің қолдауымен өткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Тәуелсіздік күніне орай еркін күрестен 2011-2013 жылғы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа 100-ден астам спортшы жиналды. Жас балуандар боз кілем үстінде барын салып, күрес өнерінің озық әдістерін көрсетті. Дәстүрге айналған турнир жастар арасында тән саулығы мен рух тазалығын дәріптейді, – дейді ұйымдастырушылар.
Жарыс жеңімпаздары Тарбағатай аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары, медальдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Оқи отырыңыз