Тауарлық газдың бағасы бекітілді: ШҚО-да қанша?
фото: dknews.kz
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары, сондай-ақ ірі коммерциялық тұтынушылар мен кеншілер үшін бағалар бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан өңірлеріндегі ірі коммерциялық тұтынушылар мен кеншілер үшін тауарлық газдың көтерме бағасы:
Астана, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында газдың құны 1000 текше метрге 52 033 теңгені құрайды.
Алматы, Алматы, Жетісу облыстарында – 63 905 теңге
Түркістан облысы Шымкент қаласында – 59 268 теңге
Жамбыл облысы бойынша – 58 866 теңге
Ақтөбе облысында – 34 333 теңге
Қостанай облысында – 48 424 теңге
Қызылорда облысы бойынша – 45 522 теңге
Маңғыстау облысында – 32 942 теңге
Батыс Қазақстан облысында – 31 637 теңге
Атырау облысында – 23 996 теңге
Шығыс Қазақстан облысында – 10 891 теңге.
Бұйрық 2024 жылғы 4 маусымда күшіне енді.