KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 0,8 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

Әкімдіктердің білім гранты: ШҚО екінші орында тұр

Фото: magmer.ru

6.08.2024, 14:04 146 Ләззат Қанатқызы

2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі.

Биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлген. Оның ішінде 270 грантты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бөліп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ең көп грант бөлген әкімдіктер қатарында Астана, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары көш бастап тұр.

Атап айтқанда:

Астана қаласының әкімдігі – 858 грант

Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант

Абай облысы – 200 грант

Маңғыстау облысы – 175 грант

Ақмола облысы – 160 грант

Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант бөлді.

 

Қалған өңірлер 100-ден аз грант бөлген. Шымкент пен Алматы қалаларының әкімдіктері бакалавриатта мамандар даярлауға грант бөлмеген.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив