KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

«68 см қар». ШҚО-да қазан айында рекорд тіркелді

4.11.2020, 08:14 168

Елімізде қазан айында ауа температурасы бойынша бірнеше рекорд орнады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, қазан айының ортасында ауа температурасы 19-21 градусқа дейін жоғарылаған. Бұл әдеттегі ауа температурасынан 7-10 градусқа жоғары. Осыдан кейін еліміздің оңтүстігінде күн 25-27 градусқа дейін жылынып, екінші рет рекорд тіркелген.  

– Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда 24-25 қазанда 15 миллиметр қар жауды. Ал Шығыс Қазақстан облысында жауған қар бір айлық нормадан асып кетті. Онда 68 миллиметр қар жауған. Ал Семей метеостанциясында 32 миллиметр қар түскені белгілі болды, – деп жазды синоптиктер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу