KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Прогресс ауылында су мұнарасы жөнделіп, іске қосылды – Глубокое

3.11.2020, 12:34 113

Глубокое ауданының Прогресс ауылындағы су ұыспақты мұнара жөнделді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Прогресстің Линейная және Молодежная көшелерінде тұратын қарапайым халық бірнеше жыл бойы ауыз судан таршылық көріп келді. Негізгі себеп – қабырғасы қақырап тұрған су қыспақты мұнара еді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер табылмаған көрінеді.

Су келеді деп кранға көз тігуден жалыққан жұрт құдық қазуға көшкен. Алайда бұл жерде шыңырау қазуға кім көрінгеннің шамасы келе бермейді. Өйткені мұнда жер асты суына жету – қиынның қиыны. Әрі аз қаражат жұмсалмайтын көрінеді.

Қара суға бола қамыққан жұртты «Вебер» ЖК ұйымы қуантты. Мердігерлер су мұнарасын аз ғана уақыттың ішінде жөндеп шықты.

– Жөндеу жұмыстарын бір апта ішінде аяқтадық. Мұнараның жарық тұстарын жөндеп, бояп, оқшаулағыш материалмен қоршадық. Бұл темірдің тот басуын тежейді, – дейді мердігер ұйымның басшысы Марина Вебер.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу