Риддерде кәріз құдығынан адам мәйіті табылды
![](/kz/uploads/posts/iblock/8c8/8c898477a679b677a14c3ffcab27aff4.jpg)
Риддер қаласының №10 шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлері денесі табылған адамның жеке басын, қайтыс болу себебін анықтап жатыр. Жақын маңдағы тұрғындардың айтуынша, бұл жылу камерасын көптен бері үйсіз-күйсіз қаңғыбастар мекендеп жүрген. Сондай-ақ мұндай оқиға бұған дейін де болған көрінеді.
Оқи отырыңыз