KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

COVID-19: ШҚО-да алғашқы буын мамандарының білімі жетілдірілді

18.10.2020, 08:37 122

Коронавирустың таралуына жол бермеуде, науқастарды дер кезінде анықтап, аурудың асқынуының алдын алуда медициналық- санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының жұмысы өте маңызды. Осы алғашқы буын дәрігерлерінің біліктілігі көп нәрсені шешеді.

- Дәрігер болу өмір-бақи оқуды, үйренуді қажетсінеді. Әке-шешем де, әпкем де дәрігер, өзім де медицина саласын таңдағанда, соларға қарап, бір деңгейде қалып қалуға болмайтынын түсінгем. Пандемия кезінде біз апта сайын медициналық университеттің,  министрліктің көмегімен алғашқы буын мамандарын  ZOOM платформасы арқылы оқытып-үйреттік.  Әсіресе кішкентай ауылдардағы мамандардың коронавирус туралы білімдері төмен болды. Біз 45 парақтық жекелеген клиникалық хаттамалардан 15 бетке сиятын нұсқаулар дайындап, аудандағы бас дәрігерлерге жібердік.  Ары қарай дәрігерлерінен бастап, санитарларына дейін осы құжатты оқып, меңгеруіне жағдай жасау, бағдарламалардың мақсатын түсіндіру бас дәрігерлердің міндеті. Қаншама төсек дайындасақ та, мамандарымыз біліксіз болса,  төсек орын жетпей қалады, – деп дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан. 

Наурыз айында коронавирус індетімен күресті тиімді ұйымдастыру мақсатында емханалар жанынан  377 мобильді топ құрылған болатын. Олардың міндеті –вирус  белгісі бар жандардың үйлеріне барып, қызмет көрсету. Бұл топтар қазір де сақталған. Әр емханада екі-үш топтан жұмыс істейді. Өздерінде аурудың симптомдарын байқаған тұрғындар өз емханаларына хабарласып, мобильді топты үйлеріне шақырта алады. Егер індет ушығып кеткендей болса, барлық 377 топтың жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік бар. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу