KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

«Браконьер» бастала сала он шақты құқық бұзушылық анықталды – ШҚО

13.10.2020, 12:13 132

Шығыс Қазақстан облысында бүгін «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бастала сала он шақты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ұлан ауданының полицейлері жедел алдын алу іс-шарасы барысында ағаштар мен бұталарды заңсыз отауға байланысты бір фактіні және заңсыз аң аулауға қатысты 9 фактіні анықтады. Сондай-ақ заңсыз түрде 16 калибрлі мылтық ұстап келген ауыл тұрғынын тауып, қаруды тәркіледі.

– Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылдын, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

сурет: @oskemen_police 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу