Жармада жұмыссыздар саны азайды
![](/kz/uploads/posts/iblock/bc2/bc2b51c314d35498b3c1043cee0846da.jpg)
Жарма ауданында жұмыссыздар саны азайып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин хабарлады.
Аудан басшысының мәліметінше, дүние жүзін жайлаған індет кезінде өңірде жұмыссыздар санының артуына жол бермеу мақсатында айтарлықтай шаруа атқарылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пандемия кезінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспар әзірленген. Есепті кезеңде 533 адам жұмысқа орналастырылып, 624 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 122 пайызға артық, – деп жазады аудан әкімі.