KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Өскеменнің орталық алаңында қардан сырғанақ соғылып жатыр

25.12.2018, 06:36 129

Өскемендегі "конькиі жоқтар": «мұз айдын ашылды, бірақ қардан үйілетін сырғанақ жоқ» деп айтып та, жазып та жатқан еді өткенде. Міне, орталық алаңда коммуналдық қызметкерлер жабыла сырғанақ соғып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айтпақшы, «конькиі жоқ» дегеніміз қалжың. Ал қала халқының «сырғанақ жоқ» дегені рас-тұғын.


Бұл сырғанақ таяу арада дайын болады деп күтілуде. Аса биік емес. Соған қарап балаларға қауіпті емес деуге болады.


Бұған қоса Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің астымен өтіп, қос университетке дейін созылып жатқан аллеяда да ағаштан сырғанақ құрастырылып жатқанын айта кетейік. Биік. Балаларға ғана арналмаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив