KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Екі елдің орманшылары бірлесе қимылдауда

20.06.2013, 18:00 131


Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ресейдің Алтай өлкесі тұсындағы қарағайлы ормандар бірнеше рет өртенген кезде ресейліктер мен қазақстандықтар бірлесе отырып, қауіпті дер кезінде тоқтатып үлгерді.

Сондықтан болар үздік қызметтері үшін «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының қызметкерлері Ресей Федерациясының медальдарымен марапатталды.

Қар кетісімен қарағайлы орманда тазарту, қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ең алдымен жол бойы, орман алқаптары, ауылдарға қарай өтететін жолдар реттеледі. Өртке тез жанып кетуге қолайлы деген жерлердің қалың тұтасқан шөбі шабылады. Жалпы, өрт оқиғаларын алдағы уақытта болдырмау үшін Семей орманында оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Бұған «Семей орманы» резерватының Морозов филиалындағы Полян орманы және «Ертіс орманы» резерватының Бесқарағай орманымен шектесетін Шолдай орманшылығы, Алтай өлкесінің Степно-Михайловск орман шаруашылығының бір-бірімен шектесетін тұстары таңдалынып алынды.

Жаттығу жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының қызметкерлері, «Семей орманы» резерватының мамандары, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бөлімдері, Ресейдің де осы сала мамандары қатысты. Оқу-жаттығу жұмыстары барысында өзара бірігіп іс-қимыл көрсету, орман, дала өрттерін сөндіру болды.

-- Міне, байқап қарасаңыздар, Қазақстанда орманды сақтау, өрттен қорғау тамаша қарқынмен дамып келеді,-дейді Алтай өлкесінің орман қорғау басқармасының бөлім бастығы Александр Зверев,-- біз, міне, қазақстандық әріптесетер жақсы техникамен жабдықталғандығының куәсі болдық. Ал жұмыс істейтін жастар нағыз кәсіби біліктілер. Әрине, бізге орман арқылы шекарамыз шектесетіндіктен бірігіп жұмыс жасау біз үшін аса маңызды.

Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған оқу-жаттығу жұмысына жеке құрамдағы 100 адам, 4 тікұшақ, 30 шақты негізгі, арнайы және қосымша өрт көліктері мен құтқару техникалары қатыстырылды.

Мәлімет көзі Altaynews. kz
Раушан Нұғманбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив