KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жармадағы қазандықтың жыры. Құрылыс қайта жандануы мүмкін

11.12.2018, 11:51 99

Жарма ауданында 2013 жылы тоқтап қалған құрылыс қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың ауданға жасаған сапарында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.


Жарма ауданындағы бірнеше түзеу мекемесі орналасқан Шуақ ауылына жаңа жылу қазандығы қажет екені 2010 жылы белгілі болған екен. Тозығы жеткен, ескі қазандықта апат болып, ауыл бір ай бойы жылусыз қалған болатын. 2011 жылы ескі қазандықты жаңалау туралы шешім қабылданып, жаңа нысанның құрылысы басталған. Жоба құны 2,7 млрд теңгеге бағаланған екен сол тұста. Мердігер компания бұл ақшаны 2013 жылдың ортасына дейін игеріп, әрқайсысы сағатына 6,5 Гкал жылу өндіретін үш қазандық орнатуы тиіс болған. Межелі уақытты құрылыс бітпей, іс сотқа беріледі. Соның кесірінен нысан аяқсыз қалып, Шуақ ауылы әлі де ескі қазандыққа кіріптар күйде отыр.


Облыс әкімі Даниал Ахметов аталмыш нысанға бас сұғып, ішіндегі қондырғылардың жағдайымен танысты. Құрылысты аяқтап, қазандықты қолданысқа беру үшін қосымша қаражат керек. Оның көлемін тәуелсіз бағалаушылар 500-800 млн теңгенің арасында деп отыр. Ауыл шетінде қаңырап қалған құрылысты көлденең көк аттылар тонап кетпесін деп, аудандық әкімдік күзетке алыпты.


«Қондырғылардың бәрі жақсы сақталғанға ұқсайды. Жобаны аяқтау үшін сметасын жаңалау қажет» - деді Даниал Ахметов.


Бұл қазандық Шуақ ауылындағы түзеу мекемелерімен қатар, ондағы қызметкерлердің баспанасын жылытатын болады. Нысанның нақты жағдайын анықтау үшін техникалық зерттеу жүргізілмек.


«Аудандық бюджетке нысанды техникалық тұрғыда зерттеп, жобалық-сметалық құжаттарына түзету енгізу үшін 20 млн теңгенің тапсырысын түсірдік. Құрылысты аяқтауға нақты қанша қаражат керектігі сол кезде белгілі болады» - дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Рауан Баилов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив