KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 7 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Өзбекстан азаматтарын құрылыс жұмыстарына шақыра аламын ба?

29.11.2018, 03:44 69

– Мен келесі жылы қаладағы жекеменшік жер үйімнің алдына қосымша құрылыс салуды жоспарлап отырмын. Соған өзбекстандық азаматтарды шақырсам ба деген ойым бар. Өзбекстандық азаматтарды құрылыс жұмыстарына пайдалану үшін заң аясында қандай жұмыстар атқаруым қажет? Олар қанша мерзімге қала алады?


Нәйлә Жұмаділова,

Өскемен


Сауалға облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жауап береді:


– Бұл сұрақ Полиция департаментіне ең жиі жолданатын сауалдардың бірі. Әрине, қазіргі кезде өзбекстандық азаматтарды құрылыс жұмыстарына шақыра аласыз. Өзбекстан Республикасының азаматтарын облыс аумағындағы құрылыс жұмыстарына шақыру үшін Сізге ең алдымен аумақтық көші-қон қызметіне жүгіну қажет. Ондағы мамандардың кеңесімен тиісінше қажетті құжаттарды жинап өткізген соң, бір айдан үш ай мерзімге дейінгі аралықта жұмыс істеуге шақыра аласыз.

Егер жоспарланған шаруалар ол мерзімде аяқталмаса, ол азаматтардың біздің жақта қалу уақытын бір жылға дейін созуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу