ШҚО-да ауа райы күрт өзгеруі мүмкін
«Казгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша, ШҚО-да 30 қарашада жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көбінесе, қар түрінде күтіледі. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с, кей жерлерде - 30 м/с.
1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аязға дейін төмендейді деп болжануда. Семей қалалық ТЖ басқармасы қалалықтар мен қала қонақтарын қолайсыз ауа-райы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
-Төтенше жағдайдың алдын алу халықты құлақтандыруыңызды сұраймыз, - деді ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ. Әбділов.