KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
444.79 481.04 4.95

Қасым Қайсеновтен аумайтын актер 60 жаста

26.11.2018, 10:02 273

Облыстық драма театрда актер, «Мәдениет саласының үздігі» Қанат Ниязбековтің бенефисі өтті. Актер биыл 60 жасқа толды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кеште Кеңес Жұмабековтің «Заман, неткен тар едің...» атты драмасы қойылды. Қанат Ниязбеков хакім Абайдың образын сомдады.


– Қанаттың ең бір ерекшелігі – портреттік бейнені сомдауда бағы ашылған актер. Сонау 2004 жылдары «Киелі күнә» атты спектакльде Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдады. Кейін «Отан үшін» деген қойылымда батыр атамыз Қасым Қайсеновтің рөлін сомдады. Сол кезде Қасым атамыз бен Қанатты қатар отырғызып қойғанда екеуін еш ажырата алмап едік. Сонда атамыз Қанатқа қарап, «әй, мынау менен аумайды ғой», деп қарқылдап бір күліп еді, – деді кеш иесін құттықтаған әріптесі Тұрсынбек Жибаев.


Кеш соңында жиылған жұрт пен ұжымдастары мерейтой иесіне ақжарма тілек айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив