KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Күршімнің ауылдарында сүт қабылдау пункттері ашылады

22.11.2018, 04:14 170

Келесі жылы Күршім ауданындағы ауылдық округтерде сүт қабылдау пункттері ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесі де жаман емес.


– Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға ден қойсақ, аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санын арттыруға мүмкіндік туады. Осылайша, күршімдіктер үйде отырып-ақ, нәпақасын таба алады. Жалпы бұл мақсаттағы жұмыстар оң нәтижесін көрсетсе, сүт өнімдерін шығаратын шағын цехтарды да ашу жоспарда бар. Мұндағы басты мақсат – аудан тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серікхан Ашманов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив