KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Риддер тұрғындары үш күн бойы сусыз отыр

14.11.2018, 10:47 151

Риддерде аяздың салдарынан су құбыры қатып қалды. Қала тұрғындарының сусыз отырғандарына үш күн болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыдан үш күн бұрын су қабыршақ мұз болып қатып, құбырды бітеп қалған екен.


Бұл туралы Риддер тұрғындары ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі топта  жариялап отыр.


Риддерліктердің айтуынша, қала басшылығы тұрғындарды сабырға шақырып, түнгі уақытта су әлсіз қысыммен жіберілгенде ыдыстарға құйып алуға кеңес берген. Алайда халық түнгі уақытта судың жіберілмегенін айтуда. Жалпы мұндай жағдай бірнеше жыл қатарынан қайталанып отырған көрінеді.


Қазір үй-үйге машинамен су тасып жатыр. Мектептерде сабақтар қысқартылып, балабақшалар жарты күн ғана жұмыс істеуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив