KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

Шығыста еңбек орындары ашылып жатыр. Мамандар ауадай қажет

2.11.2018, 10:12 122

Облыста металл балқытушы, химик-технолог, инженер-құрылысшы, кардиолог, фармацевт, мектепке дейінгі білім беру және тәрбие ісінің маманы, психолог, бухгалтер, талдаушы, менеджер, электрмен жабдықтаушы сияқты кадрлар ауадай қажет. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова мәлім етті.


– Ағымдағы жылдың қазан айында 2538 тұрғын қысқамерзімдік курстарға оқуға жіберілді. Олардың дені ЭВМ операторы, электр газбен дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, тракторшы, жөндеуші-слесарь мамандықтары бойынша білім алуда. Бұдан бөлек, биыл 1759 адам аталмыш курстарды оқып шықты. Оның ішінде 1006-сы жұмыспен қамтамасыз етілді, - дейді Елена Старенкова.


Басқарма басшысының айтуынша, 2019-2021 жылдар аралығында облыс көлемінде 5344 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде келер жылы – 2269, 2020 жылы – 1714, 2021 жылы – 1361 жаңа еңбек орны ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив