KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Туристердің Таиландтқа қызығуының басты 10 себебі

1.11.2018, 05:49 157

Таиланд! Тамылжыған табиғат, тамаша теңіз, таңғажайып ескерткіштер, ит тұмсығы батпас орман, тұрқы бөлек таулар және бітімі бөлек жануарлар! Оны басқа елдерден осындай құпия, тылсым сырлары өзгешелеп тұрады.



Иә, туристердің онда ағылуының алуан түрлі себебі бар. Бірі қақаған қаңтар айындағы 30 градус ыстық ауа райы үшін барады. Екіншісі асханасы үшін деген секілді...


Сонымен, Таиландтың туристерді тартатын 10 құпиясын анықтадық:


1. Тіл қуыратын ащы сорпаның дәмін тату және қайталанбас дәмнің қандай болатынын білу.

2. Әуедегі мың сан қағаз шамдарға қарау. Бұл көрініс көз алдыңызда мәңгі қалады. Өзіңізге де ұшырып, байқап көруге болады.

3. Пілмен серуендеу немесе оны жай ғана бананмен қоректендіру.

4. Нағыз тропикалық нөсердің астында жүру.

5. Нағыз Таилық массаждың қандай болатынын байқау.

6. Тропиктік франжипан гүлінің жұпар исі.

7. Пхукета жағажайы. Леонордо Ди Каприо ойнаған діни «Жағажай» («Пляж») фильмі түсірілген жер.

8. Жағажайда шизлонгте шалқалап отырып, күнге қыздырыну. Достармен әңгіме-дүкен құру немесе тып-тыныш демалу.

9. Таиландтан ғана табылатын жеміс-жидектерге тыңқиып тойып алу. Лонган, гуава...

10. Әлемдегі ең үлкен Будданың мүсіні. Сондай-ақ Таиландтағы көптеген ғибадатханалар.



Міне, сіз енді досыңыздың Таиландтқа неге қызығатынын білдіңіз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу