Өскемен қаласының төртінші қалалық ауруханасында медициналық қызмет түрлерін кеңейтуге бірден бірнеше заманауи аппараттар мүмкіндік береді. Техника сатып алуды «Казцинк» ШҚО әкімдігімен жасасқан ынтымақтастық туралы меморандум аясында қаржыландырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Медициналық мекемеге бейне гастроскоп, гистеропомпа, шағын инвазивті ота жасаған кезде қолданылатын бейне-эндоскопиялық кешенге арналған аксессуарлар мен керек-жарақтар жиынтығы жеткізілді. Жыл соңына дейін заманауи рентген аппараты да жеткізіледі. Техниканы сатып алуға «Казцинк» 200 млн теңге жұмсады.
Көпфункционалды құрылғы әртүрлі зерттеу түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.
– Қалалық аурухананы жарақтандыруға көмек көрсету – өңірдегі медицинаның жалпы деңгейін көтеруге тырысу, – деп жауап берді «Казцинктің» әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев. – Емделушілер, олардың ішінде компаниямыздың қызметкерлері мен олардың отбасы бар, осы жерде қажетті қызметтердің барлық түрлерін ала алады. Жаңартылған құрылғылар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Біз үшін денсаулық сақтауды қолдау өте маңызды – неғұрлым заманауи жабдық пайдаланылса, науқасқа дер кезінде көмек көрсету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады, ағзаға тікелей әсер ету барынша азайтылады.
Дәрігерлер жаңалықтарды жоғары бағалады. Олар бірден бірнеше бағытта сұранысқа ие болатын болды.
– Біздің мекемеміз терапиялық хаб, – деп түсіндірді аурухананың бас дәрігері Сергей ПОПОВ. – Осы ауруханада дәрігерлер кеселді дерттерді, оның ішінде онкологияны айқындайды. Аптаның төрт күнінде – гинекологиялық күн бойынша ургентті клиника. Бізде заманауи жабдықты пайдаланып диагностиканы дәл қою және тиімді ем жасау, жоспарлы және шұғыл оталардың, атап айтқанда аз инвазивті оталардың тізбесін кеңейту мүмкіндігі пайда болды.