"Шөлде өмір сүріп жатқандаймыз", дейді Семей халқы
Семей халқы ағаш біткеннің бәрі қырқылып, қаладан сән кетіп бара жатқандығын айтып алаңдауда. Бейне бір шөлде өмір сүретіндейміз дейді олар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Экспересс К сайтын нұсқап.
Осы күзде ағаш бұтау ісіне коммуналдық қызметкерлер үлкен күшпен кірісті. Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, ток сымдарға асылып, жол бойына салбырап, үйлерге тиіп тұрған өскіннің бәрі пышаққа ілінеді.
Жұрт әлеуметтік желіге үрпиіп-үрпиіп, тұттай жалаңаш қалған ағаштардың сүгіретін жүктеуде. Олардың кейбірі пышақты қойып, арамен кесілген. «Жазда ыстықтан қорғап, кислород бөліп, тынысымызды ашып еді» дейді бірі. «Бұдан кейін қайта көктеуі неғайбыл» дейді екіншісі.
Кім білсін... Келер жылы көрерміз енді...