KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Өскеменнің тұрғыны полицейлерге тас лақтырды

30.10.2018, 05:07 129

Қала тұрғынынан түскен шақыртуымен келіп жеткен тәртіп сақшылары озбыр мінез танытып жүрген мас ер адамға кезігеді. Ол бірден полиция қызметкерлерін балағаттап, тіл тигізе бастаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға қаладағы жеке меншік жер үйлердің бірінде болған.


Бүлік шығарып тұрған ер адамды тыныштандыру үшін полицейлер оған газ баллонын қолданады. Алайда ол бұған да көне қоймай, тәртіп сақшыларына тас лақтыра бастайды.


Тас полиция қызметкерлерінің бірінің басына тиген екен. Оған медициналық көмек қажет болды. Ал бүлікшіл тұрғын оқиға орнынан қашып кетеді. Дегенмен, есін жиып, ішімдіктің әсерінен айыққан соң, полицияға өз еркімен келіпті.


Өскемен № 2 қалалық соты істегі барлық жағдайды ескере отырып, ер адамға 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге де міндеттелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив