Семейде цифрлы конференция өтті
Ағымдағы жылдың 26 қазанында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде ШҚО Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен, «Digital Talks» жобасы аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жастарға кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында конференция өтті.
Аталмыш жобаның басты мақсаты заманға сай диалог алаңын құру және жетілдіру, тұтастай алғанда, елімізде сандық прогрессивті экожүйені дамыту.
Конференция спикерлері қатысушы жастарға өздерінің салаларында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қандай өзгерістер орын алғанын, қандай қарқында дамып жатқаны жөнінде айтып өтті.
Қаламыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері – Гүлнара Керейханова «Цифрлық Қазақстан» жобасы өңірімізде қандай қарқында жүзеге асып жатқанын және жалпы жоба жөнінде тиімді мәліметтермен бөліссе, Шәкәрім университетінің 4 курс студенті – Жолдыбалинов Дидар SMM, маркетинг саласында қандай жаңашылдықтар енгізіліп, «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында қандай трендтер орын алып жатыр және олардың күнделікті өмірдегі әсері жайлы зерттеулерімен бөлісті. Қазақ – түрік лицейінің жас өнертапқышы – Бекарыс Қағауяновта өзінің жасаған роботын іс жүзінде жастарға көрсетті.
Конференция соңында ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Айдар Серікқазыұлы және «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ төрайымы – Маржан Бахытқызы қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға деген қолдау өте жоғары екендігін айтып, еліміздің дамуына бірге үлес қосуға шақырды.
[masterslider id="2"] [masterslider id="2"] [masterslider id="2"]
Автор: Жұлдыз Даханова