KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Рэмбо Катонқарағайда жүр (видео)

26.10.2018, 14:13 73

90-шы жылдары Рэмбо және Рокки рөлдерімен әлемге танылған актер Сильвестр Сталлоне Катонқарағай ауданында жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Актер Инстаграмдағы ресми парақшасында бір  бейнежазба жариялапты. Сол бейнежазба біздің әлеуметтік желілерде орыс тіліндегі аудармасымен таралып жатыр.


-Айналаға қараңыздар. Осында біз «Рэмбо» фильмінің жаңа бөлімін түсіріп жатырмыз. Бұл жер Катон деп аталады, - деп аударылған бейнежазбадағы Сталлоненің сөзі.


Сенесіз бе? Әрине, сене алмайсыз. Бірақ бір қарағанда, актердің фонындағы табиғат расымен Катонқарағайда түсірілген секілді.



Сенбесек те, «үмітсіз шайтан» дейді ғой. Жыл басында Марк Дакаскос, Кэри Тагава секілді кино жұлдыздары да ШҚО-ға қонаққа келде емес пе? «Мүмкін рас шығар» деген оймен Сильвестр Сталлоненің ресми парақшасына үңілдік.


Түсінгеніміз, ол шынымен де «Рэмбо-5» фильміне түсіп жатыр екен. Ал біздің әлеуметтік желілерде таралған видео әзіл ретінде аударылған көрінеді.


-Міне, бұл менмін. Ал мынау тағы бір тамаша локация, - деп бастайды өз сөзін Сталлоне бейнежазбаның түпнұсқасында.


Алайда нақты қай жерде екенін актер айтпайды. Видеоның астында әр түрлі елдің тұрғындары өз болжамдарын айтуда. Біреулер Испания десе, енді біреулер Болгария дейді.


Десек те, фильмнің жаңа бөлімінде Рэмбоның қай елде жүріп, ерлік көрсететінін анықтай алмадық. Уақыт көрсетеді. Мүмкін Катонқарағайда да кино түсіріп қалар?


[caption id="attachment_43686" align="alignnone" width="786"] Түсірілім алаңынан[/caption]



 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив