KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскемендегі «Сулпак» дүкенін бетперде киген қарақшы тонап кетті

26.10.2018, 07:23 126

Өскемен тұрғыны бетперде киіп алып, Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан техника сататын «Сулпак» дүкенін тонап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тонау оқиғасы 4 тамыз күні болған. Таң бозарып атқанда бет-жүзін жасырып алған 35 жастағы ер адам балға мен полиэтилен пакет алып, техника дүкеніне келеді. Ол кіреберіс есіктің шынысын балғамен шағып кіріп, қымбат ұялы телефондар мен планшеттерді ұрлап кеткен. Барлығы 11 дана зат ұрланған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 189 890 теңгені құрап отыр.


Өскемен қалалық № 2 сотының шешімі бойынша, қарақшы екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ұрланған заттар дүкеннің иесіне қайтарылып берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив