KZ
Өскемен
+8°
ясно Штиль
479.05 534.57 5.17

Келер жылы еңбек кітапшасынан бас тартамыз

25.10.2018, 07:54 209

Қазақстанда еңбек кітапшаларынан бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


2019 жылдан бастап e-HR жүйесі іске қосылады. Енді жұмысқа тұру кезінде  еңбек келісім-шарттары онлайн тәртібінде жасалады екен.


Сондай-ақ, e-HR жүйесі бірыңғай базада жұмыс іздеуші туралы барлық қажетті  мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, жұмысқа тек жеке куәлікпен ғана орналасуға болады.


Бұл жүйе enbek.kz электронды еңбек биржасының базасында енгізілмек және жұмысшының профилін жүргізу мен еңбек келісім-шарттарын есепке алудың цифрлық форматы болып табылады.


Жұмысшылардың жеке ісі электронды түрде құрылып, оның биржадағы профиліне тіркеліп отырады. Демек, қағаз түріндегі еңбек кітапшаларынан толық бас тартуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив