KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда еңбек шарты электронды түрге ауыстырылмақ

20.08.2018, 05:24 162

Елімізде электронды еңбек келісім-шарты енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев хабарлады.


Вице-министрдің айтуынша, электронды еңбек шарты адамдардың жұмысқа орналасу процессін жеңілдете түседі. Өйткені оның жеке ісі автоматты түрде құралады, яғни құжаттарды жинауға қажеттілік туындамайды. Әсіресе, қашықтан жұмыс істейтін мамандар үшін өте қолайлы болмақ.


Сонымен қатар, электронды еңбек шарты жұмысшыны әлеуметтік қауіп-қатерден қорғап, жұмыс берушінің міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, келіп түскен зейнетақы аударымдары, әлеуметтік жарналар мен аударымдарына мониторинг жасау арқылы.


Ал жұмыс беруші үшін кадрлық іс жүргізу процессі автоматты түрге ауысып, оңтайландырылады. Ол әр жаңа үміткердің  анық жеке мәліметтерінен хабардар бола алады. Тиісінше, бұл адамдарды жұмысқа алудың сапасын жақсарта түспек.


Электронды еңбек шартына әдетте  қағаз бетіне түсірілетін мәліметтің барлығы енгізіледі. Мұндай құжатқа электронды цифрлы қолтаңба қойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив