KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Ақтоғайда тұратын 10 жанұяға қайрымдылық көмек көрсетілді

25.10.2018, 05:37 50

«Қайрымдылық айы» және Рухани келісім күніне орай Ақтоғай кенттік округінде әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасына көмек көрсетілді. Аталмыш жанұялар бір айға жетерлік азық-түлікпен қамтылған.


Заир Кесіков, Ақтоғай кенттік округінің әкімі:


Жақсылық жасау баяғыдан келе жатқан салтымыз ғой. Бір өлкеде тұрған соң бәрінің жағдайы алақандағыдай белгілі. Сол себепті, үнемі көмек жасап тұруға ұмтыламыз. Бұл жолы әкімшілік аппаратының ұйымдастыруымен жүзеге асса, оның алдына кәсіпкерлердің қолдауымен бірқатар отбасына көмектестік.


Мамырбаев Қуаныш, Ақтоғай кентінің тұрғыны:


Осы жолы міне ұн, май, шайымызды алып беріп жатыр. Рахмет! Үнемі қолдау көріп отырамыз. Жұмысқа да орналастырып берді. Біз үшін мұның бәрі үлкен көмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив