KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Депутаттар Самар ауылының тұрғындарымен кездесті

20.10.2018, 05:54 42

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға келді.  Халық қалаулылары Көкпекті ауданындағы Самар ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының жаңа Жолдауын талқылады.


Айта кету керек, қазіргі таңда ауданда 30 мыңнан астам адам тұрады. Көкпекті агроөндіріс секторын жаңғыртып отырған аймақтағы бірден-бір өңір. алдағы таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа деңгейге шығып, ет пен сүт өндірісін қолға алмақ. Бұл бағытта жұмыстың маңызын мәжілісмендер де ерекше атап өтті. Тарас Хитуовтың айтуынша, шикізаттық емес экспортын дамыту мемлекетке әлемдік нарыққа сапалы тауармен шығуға, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. бұдан бөек заң шығарушылар Мәжілісте дайындалып жатқан жаңа заң жобаларын да тілге тиек етті. Мәселен, депутат әрі «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық комиссия төрағасы Жанат Жарасовтың мәлімдеуінше, жаңа Жолдау аясында Мәжіліс қол астындағы қызметкері жемқорлық әрекетіне барған басшыға қатаң шара қолдану қарастырылған жаңа заң жобасын әзірлеуде екен.


– Жемқорлық – экстремизм деңгейінде мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатер. Ол мемлекеттік аппараттың қызметін бәсеңдетуде. Әсіресе, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыруда, жер қатынастары мәселесінде белең алып отыр. Осы ретте, жағдайдың жергілікті жерлерде ушығып тұрғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздер білесіздер, Астанада жемқорлықпен күрес қатаң түрде жүруде. Сондықтан бүгінде ешбір министр, облыс әкімдері, агенттік төрағалары сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтара алмайтынын ерекше айтқым келеді. Президент жаңа Жолдауында барлық басшылардың тікелей жауапкершілігін қатаң түрде атап өтті. Біз аз уақытта заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізе отырып, бұл тапсырманы орындайтын боламыз. Қазіргі уақытта Мәжілісте мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әркетке байланысты заң жобасы жатыр, бұған қоса мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілер әзірленуде, - деді Жанат Жарасов.


Қонақтар сондай-ақ, орта және жоғары білім, денсаулық сақтау саласына қатысты жаңғырту жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылыққа беріліп отырған басымдықтарды айтып өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа бағытталған жұмысқа оң бағасын беріп, Елбасының салихалы саясатына қолдау білдіретіндерін жеткізді.


«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу