KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Өскемендегі трамвай паркіне қысым жасап отырған кім?

18.10.2018, 04:36 142

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бір айдың ішінде Өскемендегі трамвай паркінің жұмысын қалпына келтіру жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық әкімдіктің кезекті мәжілісінде белгілі болғандай, шаһардағы трамвай паркінің күнделікті табысы бір миллион теңгенің ар жақ-бер жағы екен. Осы жайтты біле тұра, «Ертіс» ӘКК трамвай паркіне кәсіпорынның мүлкін пайдаланғаны үшін 80 миллион теңге көлемінде арендалық төлем төлеуі керек деген шарт қойған.


– «Ертіс» корпорациясының бұл әрекеті ақылға симайды. Мына түрімен трамвай паркі сөзсіз банкротқа ұшырайды. Кәсіпорын жұмысына қысым жасауды тез арада доғаруымыз керек, – деген облыс әкімі парк 30 жыл бойы жөндеу көрмегенін, таяуда мемлекет кәсіпорынды сатып алғанын, енді оны реконструкциялау қажеттігін атап өтті.


Осыған байланысты, облыс әкімі өзінің орынбасары Серік Ақтанов пен жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұржан Жұмаділовке бір ай көлемінде аталмыш мәселені шешуге бағытталған жоспар әзірлеуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив