Жаңғызтөбе кентінде күн электр станциясының құрылысы басталды
Жарма ауданының Жаңғызтөбе кентінде қуаттылығы жылына 30 МВт-тық күн электр станциясын салу жобасы құрылысы осы айда басталмақ.
Үдемелі Индустриялық Инновациялық даму бағдарламасына аудан бойынша жалпы құны 162 200 млн. теңгені құрайтын 4 жоба енгізілді.
Соның бірі «Жангиз Солар» ЖШС-нің Жанғызтөбе кентіндегі қытайлық инвесторлармен бірлескен жобасы. Қазірдің өзінде мердігерлер анықталып, жақында құрылыс жұмыстары басталмақ.
Директоры: Сейтенов Данияр Елжанулы. Жобаның сомасы : 17 млрд. 500 млн. тг. Жүзеге асыру мерзімі : 2018 – 2019 ж.ж.
Оқи отырыңыз