KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Бұқтырма жағалауындағы курорттарға қаржы құйылады

16.10.2018, 11:05 129

Бұқтырма су қоймасы жағасындағы демалыс аумағына қаржы құйылады. Зырян ауданына жасаған жұмыс сапарында Даниал Ахметов жергілікті кəсіпкерлерге мастер-жоспар əзірлеп ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Несиелік қаржы 15-20 жылға берілмек. Қазіргі кезде демалыс аумағында бір жазда 400 мыңнан астам адам демалған.


-Туризмді дамыту керек. Инфрақұрылымды біз жасап береміз. Ал кəсіпкерлер заманға сай демалыс орындарын салсын, сапалы қызмет ұсынсын, -  деді облыс əкімі.


Қазірдің өзінде Семей əуежайы жөнделген, енді Өскеменнің, сосын Үржардың əуе айлақтары қалыпқа келтірілмек. Бұл келушілер ағынын арттыруға, қызмет сапасын жақсартуға септеседі. Сондай-ақ, инфрақұрылымды өркендету саласында Өскемен мен Семейге су жаңа 255 автобус сатылып алынады, оларда электронды билеттеу жүйесі қолданылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив