KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Даниал Ахметов: Өзімізден артылған өнімді Қытайға экспорттауымыз керек

16.10.2018, 09:12 57

Облыс əкімі Даниал Ахметов Зырян қаласында аудан активімен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауының өңірде іске асырылу барысымен таныстырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Зырян ауданында 17 мың бас сауынды сиыр бар, жылына 30-40 тонна өсімдік майы өндіріледі. Аймақ басшысы осы деректерді айта келе өнімді экспортқа, оның ішінде Қытайға шығаруға үндеді. Облыста салынып жатқан қытайлық стандартты растау зертханасы осы мақсатта жұмыс істемек.


- Біз Қазақстан мұхитпен шектеспейді деп налимыз. Алыс-беріске кедергі дейміз. Бірақ өз басым олай ойламаймын. Бізде Қытай деген мұхиттай алып көршіміз бар. Бұл миллиардтан астам халқы бар алып тұтыну нарығы. Өзімізден артылған өнімдерді сол елге жоғары бағада сататын болсақ еш ұтылмаймыз. Мүмкіндіктерді ұтымды қолдана білу керек, - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив