KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

ШҚО-да 3 млрд теңгеге білім берудегі озық технология түрлері сатып алынды

16.10.2018, 03:46 38

Шығыс Қазақстанда Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес іске асырылған «Менің мектебім» акциясы өзгеге үлгі боларлық бастамаға айналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.


Демеушілердің көмегімен 3 миллиард теңгеге жуық қаражатқа білім берудегі озық технология түрлері сатып алынды. Нәтижесінде биылғы оқу жылында өңірде толық жабдықталған  277 IT сынып қолданысқа берілді. Осылайша, оқушылар қазіргі заманға сай білім алып жатыр. Олар қазірден-ақ ақпараттық технология саласындағы олимпиадалар мен конкурстарға қызу дайындық үстінде.


– Роботтандыру жүйесі балаларды өте қатты қызықтырады. Өйткені болашақтағы IT мамандардың ең бірінші баспалдағы роботты техникадан басталады.Онда балалар программалауды кодтарынан емес, бірінші блок түріндегі дайын құрылымдармен жұмыс істейді, – дейді информатика пәнінің мұғалімі Мағжан Сырымбек.


– Болашағымызға инвестиция құйып жатырмыз. Еліміздің болашағы үшін. Өскелең ұрпақ заманға лайық білім алып, келешекте білікті маман болуы керек. Бұл біздің мекемеміз үшін де маңызды, – дейді тау-кен өндіруші кәсіпорынның директоры Юрий Овчинников.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив