KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Келесі жылы Өскеменде тағы екі көше кеңейтіледі

15.10.2018, 12:42 170

 


Аймақ басшысы Даниал Ахметов Астана көшесіндегі автокөлік жолын кеңейту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс  тілшісі.


Айта кетейік, бүгінде аталмыш көшедегі құрылыс жұмыстары бел ортасынан ауып кеткен. Автокөлік жолының ені екі есеге дейін үлкейіп, осы көшенің бойындағы Үлбі өзенінің үстімен өтетін жаңа көпірдің аумағы да біршама ұлғайған. Дәлірек айтсақ, бұрын ені шамамен алты метрді құраған көпірдің бүгінгі жалпақтығы тоғыз метрге дейін жетіп отыр. Көшедегі құрылыс жұмыстарының қарқынын көріп қайтқан облыс әкімі дәл осы жерде журналистерге келер жылы шаһардағы тағы бірнеше көшенің кеңейтілетінін хабарлады.


– Келесі жылы өскемендіктер мен қала қонақтарын бірнеше жақсы жаңалықпен қуантатын боламыз. Мәселен, Астана көшесі сияқты Сәтбаев даңғылын да кеңейтпекпіз. Өздеріңіз де білерсіздер, бұл жұмыстарды бастап та жібердік. Болашақта Сәтбаев даңғылы қаладағы ғана емес, бүкіл республикадағы ең кең даңғылға айналады. Сонымен қатар Ворошилов пен Потанин көшелерін де кеңейтетін боламыз. Атап айтсақ, келер жылы Ворошилов көшесінің Абай даңғылынан Металлургтер көшесіне дейінгі 2,6 шақырымдық бөлігі кеңейіп қана қоймай, екі бағыттық жолға айналады. Осы жұмыстардың арқасында біз қаладағы көлік кептелісіне қатысты ахуалды біршама оңалтамыз, – деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив