KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

Өскеменде Жамбылдың жаңа ескерткіші бой көтереді

15.10.2018, 11:45 121

 


Бүгін облыс орталығын аралаған аймақ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарына алдағы уақытта шаһардағы бірнеше көшенің кеңейтілетінін айтып қуантқан болатын. Тағы бір қуанышты хабарды облыс әкімі қаладағы Жамбыл атындағы саябаққа барғанда жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аймақ басшысы мәлімдегендей, келер жылы мұнда жыр алыбының жаңа, еңселі ескерткіші бой көтеретін болады. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов қазір аталмыш ескерткішке қатысты тиісті құжаттар әзірленуде екенін айтуда.


Саябаққа сапары барысында облыс әкімі, сонымен қатар мұнда абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуі керектігін айтып, бұл іске жауапты қала басшылығы мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына тиісті міндеттер жүктеді.


Сондай-ақ бұл күні аймақ басшысы биыл күрделі абаттандыру жұмыстары жүргізілген Островский және Қазақстан көшелеріндегі бірнеше ауланың жағдайымен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив