KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Жармада Шар-Әуезов бағытындағы жол жөнделеді

15.10.2018, 09:02 83

Жарма ауданы арқылы өтетін Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай сынды республикалық және халықаралық маңыздағы жолдар қайта жаңғыртылуда. Бұған «Нұрлы жол» бағдарламасы септесіп отыр.


-Биыл Қалбатауда екі көше толықтай асфальтталды. Тәңірбергенов көшесіне асфальт салыну үстінде. Сол секілді Шарда ұзындығы алты шақырым болатын Варепа және Лекеров көшелері, Әуезов кентінде Горная көшесіне жол жабындысы төселді. Ұзындығы 42 шақырымнан тұратын облыстық маңыздағы Шар-Әуезов жолының жағдайы нашар. «ОблысШығысЖол» кәсіпорнына қарасты аталмыш күре жолға, жыл сайын ағымдық жөндеу жүргізіліп келеді. 2019 жылы осы жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Бұған жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр, - деді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив