KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚМУ мен Қазан университеті арасында әріптестік байланыс орнайды

15.10.2018, 05:01 97


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Татарстандағы Қазан университетімен әріптестік байланыс орнатпақ. Бұл туралы журналистерге университет ректоры  МұхтарТөлеген мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


 -Қазан университеті тарихы терең оқу ордасы. Біз осы университетпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоя туралы келісімге келдік. Алдағы уақытта С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың осы Қазанға іссапарын жоспарлап отырмыз. Бізді негізінен IT, яғни ақпараттық жүйелер саласы, робототехника, сонымен қатар педагогика мен психология, заң, экономика мамандықтары бағытындағы әріптестік ерекше қызықтырып отыр. Сондай-ақ, медицина саласында да өзара ынтымақтастық орнатсақ па дейміз. Өйткені, алдағы уақытта біз өзімізде медицина-биология факультетін ашпақ ойымыз бар. Біздің ғалымдар Қазан университетінің профессорларымен бірлесіп ғылыми мақалалар жариялайтын болады. Себебі, Қазан федералды университетінде скопус жүйесіне кіретін нөлдік емес инфофакторлы журнал бар екен, - дейді университет ректоры.  Мұхтар Төлеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив